FlyArystan Ақтау мен Дубай арасындағы рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

FlyArystan Ақтау мен Дубай арасындағы рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Фото: ЖИ

FlyArystan әуе компаниясы Ақтау - Дубай - Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 15 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін аталған бағыттағы әуе қатынасы 29 тамызға дейін тоқтатылатыны хабарланған еді. Енді компания бұл шектеудің мерзімін тағы екі аптадан астам уақытқа созып отыр.

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты қабылданған.