Фитнес-блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Фитнес-блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Фото: Ғазиза Райымбектің жеке парақшасынан

Астанада жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған фитнес-блогер Айтым Жақыпов әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналист Ғазиза Райымбектің жазуынша, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Mercedes көлігін басқарған жүргізуші жол жиегімен қозғалып, қарсы бағытқа шығып, жол белгілерін елемей, бұрылыс шамдарын қоспастан бірнеше рет бағыт ауыстырғаны көрінеді.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, 34 жастағы блогерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Айтым Жақыпов өз кінәсін мойындап, көпшіліктен кешірім сұраған. Оның айтуынша, сол сәтте қатты асыққан және әрекетімен өзге жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздық тудырса, оған өкініш білдіретінін айтқан.