Fitch Отбасы банк рейтингін BBB деңгейінде растады, болжам – “Тұрақты”

Dalanews 22 шіл. 2025 13:30

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Отбасы банктің ("Бәйтерек" холдингінің еншілесұйымы) ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімдідефолт рейтингін "BBB" деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты".

Бұл бағаОтбасы банкінің қаржылық және ұлттықдаму институты ретіндегі тұрақтылығы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші.

Халықаралық рейтинг банктің қаржылықжағдайының тұрақталығын, ашықтығын жәнетиімділігін растайды. Клиенттер үшін бұл бағалаужинақтарының сенімділігі мен қауіпсіздігіне қосымшакепіл болады.

"Отбасы банк арқылы өз баспанасына ақша жинапжатқан қазақстандықтардың саны 3,2 миллионға жетті. 2025 жылдың алғашқы 6 айында депозиттерге түскен қаражат көлемі616 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға жоғары. Клиенттеріміз жинап жатқан әрбіртеңгенің артында нақты мақсат тұр. Бұлөз баспанасына қол жеткізу, отбасының амандығы мен болашаққа деген сенімділік. Fitch агенттігінің бағалауы азаматтардың жинақтары тұрақты әрі сенімді банкте екенін расстайды. Біз олардың сенімін сақтап қана қоймай, арттыра түсеміз. Нәтижесінде жұмыс істейтін әрбір үшінші қазақстандық болашақта қолжетімді шарттармен өз баспанасын сатып алу үшін Отбасы банкін таңдап отыр", – деп атап өтті "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

2025 жылы Отбасы банкте 474 054 қазақстандықжаңа депозит ашты. Жинақ шотындағы қаражат оларғаболашақта елдегі ең төменгі пайыздықмөлшерлемеменжылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) жылдық 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін) кредит рәсімдеп, тұрғын үй сатып алуғамүмкіндік береді.

Теңгедегі ұзақ мерзімді қазақстандықсалымдардағы банктің үлесі 33%-ға тең. Банк клиенттерінің жинақ шоттарында 2,5 трлн теңге бар.

Күн сайын Отбасы банктің көмегімен 300-ден астам қазақстандық заем алып, қоныс тойын тойлауда. Банктің елдегі барлық ипотека портфеліндегі үлесі51%-ды құрайды (01.06.2025 жылғы деректербойынша). Жыл басынан бері банк 37 965 заем берді. Бұл ретте клиенттердің шамамен 80%-ы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде емес, бастапқы жарнаға ақша жинап, коммерциялық нарықтан баспана сатыпалған.

Банктің NPL деңгейі (90 күннен астам мерзімі өткен несиелер үлесі) Қазақстандағы ЕДБ арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі – не бәрі 0,12%-ға тең. Бұл көрсеткіш нарықтағы орташа NPL деңгейінің көрсеткіші 3,39%-дан едәуір төмен.

Қазіргі таңда Отбасы банк Қазақстандағы ЕДБ арасында активтер көлемі бойынша бесінші, ал меншікті капитал бойынша төртінші орында тұр.Бүгінде Отбасы банктің қолдауымен тұрғын үй құрылысжинақ жүйесі сенімділігінің арқасында 600 000 қазақстандық отбасы өз үйлерінде тұрып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар