Филиппинде магнитудасы 7,8 балға жеткен жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жерасты дүмпуі 8 маусымға қараған түні елдің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға салдарынан кемінде төрт адам көз жұмып, 200-ден аса адам түрлі жарақат алған.
Сейсмологтар негізгі жер сілкінісінен кейін 130-дан аса афтершокты тіркеген. Олардың кейбірінің магнитудасы 6,1-6,5 балға дейін жеткен.
Жер сілкінісінен кейін жағалауда орналасқан тоғыз провинцияның тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда бес сағат өткен соң цунами қаупі жойылғаны ресми түрде хабарланды.
Табиғи апат бірнеше ғимаратқа зақым келтіріп, жолдар мен көпірлерде жарықтар пайда болуына себеп болды. Кей өңірлерде электр қуаты мен интернет байланысы уақытша үзілген.