Павлодар облысының Майқайың кентінде жедел жәрдем фельдшерін балағаттап, оның жұмысына кедергі келтірген әйелге 30 АЕК, яғни 129 750 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
«103» қызметінің қызметкері 5 қыркүйекте шақырту бойынша келген кезде әйел оны дөрекі түрде балағаттап, қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірген.
Сот материалдарына сәйкес, фельдшердің сол сәтте бейнетіркегіші қосулы болған. Жазба құқық бұзушылық фактісін растаған.
Баянауыл аудандық соты әйелді ҚР ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша медицина қызметкеріне құрметсіздік танытқаны үшін кінәлі деп таныды.
Сот қаулысы 17 қыркүйекте шығарылған. Сот шешіміне сәйкес, құқық бұзушыға 30 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.