Еуразия даму банкі (ЕАБР) Қазақстан қор биржасында (KASE) үш жылдық мерзімге арналған долларлық облигацияларын сәтті орналастырып, 121,6 млн доллар тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Облигациялар бойынша жылдық табыс 5,35% болып белгіленді. Бұл АҚШ-тың үш жылдық мемлекеттік бағалы қағаздарынан 1,5 пайыз жоғары. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары болып, сұраныс ұсыныстан 20%-дан астамға көп болды.
Жиналған қаражат ЕАБР-ға мүше елдердегі жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Негізгі бағыттар - инфрақұрылым, энергетика, көлік және өнеркәсіп салалары.
Орналастыруға "Halyk Finance", "Alatau City Invest" және "Forte Finance" компаниялары қатысты.
Айта кетейік, ЕАБР – Еуразия аймағында жұмыс істейтін халықаралық даму банкі. Ол 20 жылдан бері елдер арасындағы экономикалық байланысты нығайтып келеді.
2025 жылдың соңында банк портфелінде жалпы құны 19,6 млрд доллар болатын 326 жоба бар. Аталған жобалар негізінен көлік, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларын қамтиды.
