“Ескі Қазақстанның" өкілі Түркия жерінде көзге түсіп қалды (видео)

Dalanews 18 қаң. 2024 05:29 1741

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин саяси аренаны біржолата тастады, - деп хабарлайды Dalanews.kz DALA INSIDE телеграм арнасына сілтеп.

Арна мәліметінше, қазір ол Ыстамбұлда демалып, Истикләл көшесі мен Таксим алаңында көбірек қыдыратын болған. Босфорға қарап, кешкі уақытын ойланумен өткізеді.

“"Жаңа Қазақстан" тарапынан әзірге Асқар Маминге сұрақ жоқ. Сондықтан ол шетелге емін-еркін шыға алады. Ал онымен кезінде қызметтес болған көптеген шенеуіктерге Қазақстан аумағын тастауға бейресми тиым салынған. Яғни, шекарадан өткізбейді” - дейді Dala Inside.


Ал Асқар Маминнің саясаттан шеттетіліп, оның шетел асып Түркияда жүргенін көрген кей оқырмандар таңданыстарын жасыра алмады. Себебі  бұған дейін Қазақстанда бірқатар шенеуніктің үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілмесе де Антикор оларға шекара асып, өзге мемлекетке шығуын шектеп қойған еді.

Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп жұмыс бастаған Антикор барлық шенеуніктің 2015 жылдан бергі іс-әрекеттерін тексеруді бастады. Осы тұста олар қылмыстық іске қатысы бар шенеуніктердің шетелге қашып кетуіне жол бермеудің амалын қарастырып жатыр. Сондықтан мұндай жағдайдан алдын алу мақсатында "Бүркіт" шекара қызметінің ақпарат жүйесінде ол адамдарға арнайы белгі қойылған.


Дереккөз мәліметінше, қазір осы тізімде Асқар Мамин, Бақытжан Сағынтаев, Алмасадам Сатқалиев, Ғабидолла Әбдірахымов, Айдар Әріпханов сынды белгілі шенеуіктер/топ-менеджерлер бар.

[video width="464" height="848" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2024/01/WhatsApp-sureti_-video-2024-01-18-10.11.00_ccb61a4e.mp4"][/video]

Еске салайық, Асқар Мамин премьер-министр болып 2021 жылдың 15 қаңтарында тағайындалды. Ал 2022 жылдың 6 қаңтарында, яғни қаңтар оқиғасынан кейін Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті. Президент Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.


https://dalanews.kz/news/97483-sheteldikter-tek-tazalygyna-qyzyqqan

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар