– Жаңа Қазақстан – жаңа Мәжіліс. Әлбетте жұрт бұл Мәжілістен үлкен үміт күтеді. Осы Мәжіліске өткен тәуелсіз кандидаттар бұғауға бағынбай, өзінің позициясында тұрып, соңында билік тарапының сөзін сөйлейді деп сенеді.
Ол да заңдылық, оны да қабылдау қажет. Себебі, ескі Қазақстаннан қалған ескірген әдістер, алгоритмнің ешбірі қазіргі таңда қолданысқа жарамайды. Олардың барлығын лақтыру керек.
Мәжілістің қазіргі жұмысына талдау жасайтындай уақытқа жеттік деп ойлаймын. Себебі, бұл жаңа құрамның жұмысқа кіріскені де кеше ғана. Әлі де болса уақыт, мерзім керек.
Сол мерзімінің ішінде Мәжілістің кәсібилігін, біліктілігін бағалаймыз. Бірақ қазіргі беталысының өзінен байқар болсаңыз бұрынғы Мәжілістің кезіңдегідей салғырттық, бейқамдық, қалғып-шұлғып отыратын, тілін шайнап отыратындар келмеске кеткенін көреміз, – деді Думан Бықай.