Есірткіге қарсы күрестің нәтижелі болуына ата-ана да өз үлесін қосуы керек

Dalanews 25 ақп. 2023 06:16 1519

Алматы қаласында есірткіге қарсы күрес шаралары жыл өткен сайын күшейіп келеді. Өйткені Алматы еліміздегі ең ірі мегаполис. Сол себепті есірткі саудагерлер жастар көп шоғырланған қалада өздерінің «бизнесін» жандандыруға күш салатыны анық. Сондықтан Алматы қаласының құқық қорғаушылары бұл бағыттағы жұмыстарын заман талабына сай ширатуда. Әйтпесе есірткіз бизнесі қалада тамырын тереңге жіберуі бек мүмкін.

Қазақ қоғамы үшін нашақорлық ең қауіпті құбылыс екені анық. Сондықтан оған қарсы күресті арттырып, күн өткен сайын жетілдіріп отырудың маңызы зор.

Соңғы жылдары елімізге дендеп енген интернетті есірткі сатумен айналысатындар да өз мүддесіне барынша пайдаланып қалуға тырысуда. Қазіргі таңда ғаламтордағы бірқатар сайттарда астыртын есірткі саудасының көрігін қыздыруға күш салып жүргені жасырын жасырын емес. Олардың анықтап, дер кезінде бұғаттап отырмаса, олар жастарды алдап, арбауға қашан да дайын тұрады.

Сол себепті Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес бөлімі бұл бағытта да жан-жақты жұмыс істеп, есірткі саудасын насихаттайтын сайттарды анықтап, олардың бұғаттауға бар күш-жігерін жұмсап келеді.

Қазіргі таңда есірткімен және діни экстримизммен күрес шынай өмірде ғана емес, бұл бағыттағы күрестері виртуальді әлемдеде қызу жүріп жатыр.


Біздің бұл сөзімізге өткен жылдың өзінде Алматы полициясының жедел әрекет етуднің арқасында есірткі саудасын астырынтын жарнамалаған 150 сайт бұғаттаған. Осы бір мәлеметтен-ақ бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынды жүріп жатқанын аңғаруға болады.

Статистикалық дерек көздеріне көз жүгіртетін болсақ, 2022 жылы Алматы қаласында есірткі затын сақтап, таратумен айналысты деген айыппен 203 адам ұсталып, оның 127 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Заман дамыған сайын есірткі заттарын тарту ісі де дамып келеді. Бүгінде есірткі заттарының неше түрі пайда болып, олардың таралу жолдары да кеңей түскен.

Керек десеңіз, есірткі заттары алкоголь мен темекі сияқты тез қол жеткізетін затқа айналып барады. Бұл ретте бар мәселе медициналық препараттарға қатысты болып тұр.

Бүгінде есірткіге жақын кейбір дәрі-дәрмектер көпшілік үшін қолжетімді. Кейбір аптекадағы сатушылар мұндай дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецептсіз сататын оқиғалары да жиі кездеседі.

Бұл жағдай өз кезегінде құқық қорғау органдарының жұмыстарын қиындата  түсетіні айтпаса да түсінікті. Тіпті, мұндай жағдайлар есірткіге жақын дәрі-дірмектерді жастардың мөлшерден тыс қолданып, соңы өліммен аяқталатын оқиғалар да кездесетіні жасырын емес.

Сондықтан дәрігердің рұсатынсыз сатылатын дәр-дірмектерге де бақылаудың күшейтудің маңызы зор.

Осыдан біршама уақыта бұрын Алматыны маңайындағы ауылдарға барғанымызда ауыл жастарының көлік жөндегенде қосалқы бөлшектерді майдан тазалайтын «карбтарды» жастар иіскеп, есірткінің орнына қолданып жүргенін естігенде жағамызды ұстадық.


Мұндай «карбтар» кез келген базардан сатылады. Ешкім оның сатылуына тосқауыл қоя алмайтыны белгілі. Бүгінде «карб» искеп, есі кетіп жүрген жастардың өсе келе нашақорға айналмасына кім кепіл?

Сондықтан есірткіге қарсы күресті тек қана құқық қорғау органдарының еншісіне қалдырып алаңсыз жүруге болмайды.

Бүгінде есірткінің орнын алмастыратын түрлі химиялық заттар мен дәрі-дәрмектер кез келген базарда еркін саудалануда. Сол себепті жас ұрпақтың есірткінің қармағына түсіп қалмауы үшін ата-аналар да бала тәрбиесіне баса көңіл бөлуі керек. Бұдан басқа бұл бағыттағы ақпараттық күрес шараларын да күшейтудің маңызы зор.

Есірткінің таралуына қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Сол кезде ғана күресіміз нәтижелі болады.

Қуаныш СМАҒҰЛ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар