Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды
gov.kz
Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ол еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасы жанындағы прокуратура, сот органдарының құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.