Ержан Қазыхан АҚШ-пен келіссөздерде Тоқаевтың атынан өкілдік етеді

Сағыныш Сардарова 13 қаң. 2026 14:49

Ержан Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттері жүктелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттері жүктелді.

Айта кетейік, 2023 жылы күзде Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық мәселелер бойынша көмекшісі болып тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove