Ердоғанның резиденциясын шабуылдаған тікұшақтың көзі жойылды

Dalanews 16 шіл. 2016 04:42 650

АҚШ бастаған бірқатар Батыс елдері демократиялық жолмен билік басына келген қазіргі билікті қолдайтынын білдірді. Өз кезегінде АҚШ президенті Барак Обама Түркиядаға дипломатиялық корпустың өкілдері мен америка азаматтарға қауіпсіз орындарына қалуға кеңес берген деп хабарлайды dalanews.kz сайты.

Ресейдің Сыртқы істер министрілігі де Түркиядағы азаматтарын қауіпсіз орында қалуды, Түркияға демалуды жоспарлаған ел азаматтарын асықпауға шақырған. Сол сияқты Британ билігі де осы мәндес мәлімдеме жасады.

dalanews ankara05 Әскери бүлік барысында 60-қа жуық адам қаза болғаны мәлім болды. Түнде әскерилер Түркияның ұлттық телеарнасы TRT басып алған еді. Бірақ кейіннен олар телеарна ғимаратын босатқан. Әскери бүлікшілер елде төтенше жағдай енгізілгенін айтқан-ды. Ал ресми билік болса, бүлікшілердің толықтай жолы кесілгенін мәлімдеді.

Түркия президенті Тайып Ердоған Ыстамбулда жасаған мәлімдемесінде әскери бүлікке Фетуллаһ Гүленді айыптаған-ды. Бірақ Гүленнің Түркиядаға жақтастары бұл іске өздеріңнің ешқандай қатыс жоқ екенін алға тартты.

Соңғы мәліметтер бойынша әскерилер Түркия президентінің резиденциясын тікұшақпен шабуыл жасаған. Бірақ Ердоғанға бағынатын елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары дереу әуеге көтеріліп, тікұшақтың көзін жойған.

Сондай-ақ, F-16 жойғыш ұшақтары бүлікшілердің қолындағы танктерге әуеден соққы бергені де мәлім болды.

АҚШ-ғы түріктер әскери бүлікті қолдамайтындарын білдіріп, көшеге шықты. Олар Түркияда әскерилердің билікті басып ала беруінен мезі болғанын ашық айтты. Олар билік тиімді жұмыс істемесе, демократиялық жолмен ауысуына жақтайтынын алға тартқан.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар