Қазақстан билігі 2028 жылы мұнай өндіру көлемін 100 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
"2026 және 2027 жылдары мұнай өндіру көлемі шамамен 96 млн тонна болады деп күтіліп отыр. Ал 2028 жылы бұл көрсеткішті 100 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деді вице-министр.
2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында елде 61,688 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 8,3 пайызға аз.
Қыркүйекте өндіріс көлемі тағы 400–450 мың тоннаға қысқаруы мүмкін. Бұған Қарашығанақ кен орнындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп болмақ.