Сондай-ақ, ол елдегі қауіпсіздік пен тыныштықтың сақталуына Мемлекет басшысы ретінде кепіл болатынын айтып, дүрлікке жұртты сабырға шақырған.
– Барлық әскери жасақтың жетекшілері менің сөзіме құлақ асатына сенімдімін. Сіздер түрік халқының қауіпсіздігінің сақшыларысыздар. Әскери төңкеріс жасауға әркеттенушілер Пенсильваниядан арнайы бұйрық алуы мүмкін, – деп Ердоған төңкерісті басты ұйымдастырушысы ретінде АҚШ-та тұрып жатқан Фетуллаһ Гүленді айыптады.
Фетуллаһ Гүлен 1938 (кей деректерде 1941) жылы Эрзурумда (Түркия) Қорыжық ауылында дүниеге келген.
Гүлен 1957 жылы дін істері басқармасының сынынан сүрінбей өтіп, мемлекеттік қызметке ауысады. 1957 жылы Амася, Тоқат, Сивас, 1959 жылы Едірне 1965 жылы Қырықларели қалаларында бас уағызшы болып жұмыс істейді.
1966 жылы Измирге қоныс аударып, сонда бас уағызшы болып жұмыс істейді. 1981 жылы денсаулығына байланысты уағызшылдық қызметінен босайды. 1989 бен 1992 жылдары қайта қызметке кіріскенмен, тағы да денсаулығы көтермей уағыз айтуды тоқтатады.
Содан кейін Гүлен қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында алдымен Түркияда тұратын басқа ұлт өкілдерінің діни лидерлерімен диалог бастап, Ватиканда Папа Иоанн Павел ІІ-мен кездеседі. Бұл жүздесу Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен орын алды.
Гүлен 1994-1999 жылдар аралығында Түркияның беделді телеарналары мен газет-журналдарына көптеген сұхбаттар берген.
1999 жылы денсаулығына байланысты Америкаға барып, бірнеше рет жүрегіне операция жасатты. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Ұшақпен ұзақ ұшуға дәрігерлердің рұқсат бермеуінен өз Отанына келе алмай жүр.
Фетуллаһ Гүленнің өмірін зерделеген кезде оның уағыз айтудағы әдіс-тәсілдеріне қарап, жай адам емес екенін бірден байқауға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=pFyQK4Bss18