Батыр ұлға «Халық қаһарманы» атағы беріліп, жер-жерлерде Ғ. Байтасовқа арналған ескерткіш тақталар ашылды.
Бүгін аталған оқиғаның 10 жылдығына орай Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыштама тақта (стенд) ашылып, оған батырдың жұбайы арнайы шақырылды.
Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбековтің құттықтау сөзінен соң, академия бастығы мен марқұмның жұбайы Гүлжамал Махамбетқызы бұрыштама тақтаны салтанатты түрде ашты.
Жаңа ашылған бұрыштамаға оркестр әуенімен гүл қою рәсімін өткізген соң, Ғазиз Байтасовтың жұбайы Гүлжамал Махамбетқызына академия ғимаратында экскурсия ұйымдастырылып, клубта оқытушы-профессорлық құраммен, курсанттармен кездесу өткізілді.
Ғазиз Байтасовтың ерлігі жайлы деректі фильм көрсетілді. «Ердің өзі өлсе де, аты өлмейді» дегеннің рас екені тағы бір рет дәлелденді. Батыр әріптесіміздің аты мәңгі жасай бермек.