Ерболат Құдайберген ұсталғаны рас па?

Сағыныш Сардарова 11 ақп. 2026 13:23

Желіде полиция қызметкерлері әнші Ерболат Құдайбергенді ұстап, наркология орталығына жеткізгені туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алайда әншінің менеджері БАҚ өкілдеріне пікір білдіріп, бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеген.

"Бұл - жалған ақпарат. Концерттерге шығып жүрміз", - деген ол.

Айта кетейік, әнші  "Мен қазақпын", "Жігіттер" секілді әндері арқылы кең танымалдылыққа ие болған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove