Ерболат Досаев “Самұрық-Қазына” директорлар кеңесінің құрамынан шықты

Қаракөз Амантай 02 сәу. 2026 10:10

Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қор өкілдерінің түсіндіруінше, бұл өзгеріс оның қызметтік лауазымының ауысуына байланысты болған. Қолданыстағы ережеге сәйкес, директорлар кеңесінің құрамына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары кіреді. Алайда 25 наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Досаев аталған қызметтен босатылған.

Осыған байланысты оның "Самұрық-Қазынадағы" өкілеттігі де автоматты түрде тоқтатылды.

Еске салайық, Ерболат Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін шамамен алты ай атқарған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove