Freedom Inside '26

Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөз

Ербаян Мұхтардың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет кезінде жарақат алып, кейін үш жылға жуық ауыр хәлде жатып көз жұмған Ербаян Мұхтардың қазасына байланысты мәлімдеме жасады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір істі Ішкі істер органдары мен әскери прокуратура тергеп жатыр.

Вице-министрдің сөзінше, тергеу барысында оқиғаға кінәлі тұлғалар анықталып, Ұлттық ұлан басшылығының әрекетіне де тиісті құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ, жауапты адамдарға қатысты тәртіптік шаралар қабылданады.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең Астана қаласында өтеді.