«Қауіпсіздік тұрғысынан бұл жөнінде көп жаңалық айтылмайды. Бірақ біз Украинаға қару жеткізуді міндетімізге аламыз» деді Мишель.
Оның сөзінше, соғыс басталған екі айдың ішінде Еуропалық одақ European Peace Facility арқылы 1,5 млрд еуро бөлген.
«Ал ауыр әскери техника ЕО атынан қосымша көмек ретінде беріледі. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз, тағы да көмектесеміз» деп атап өтті Мишель.
Әскери эксперт Игорь Грецкий «Настоящее Время» каналына берген сұқбатында Германия неліктен Киевке көмек бере алмай жатыр, оның орнына неліктен Орталық және Шығыс Еуропа көмектесіп жатыр деген сұраққа өзінің пікірін білдірген еді.
21 сәуірде АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға қосымша 800 млн доллар бөлу жөнінде мәлімдеме жасауы тиіс еді. Бірақ ол Украинаға қаржылай көмек көрсету жөніндегі президенттік мәртебесін барынша қолданғанын, енді тек Конгресстің рұқсаты керек екенін жеткізген.
Осыған дейін АҚШ, Ұлыбритания және Канада Украинаға Донбассты қорғау үшін әскери техникалар жіберуге уәде берген.
Германия канцлері Олаф Шольц Батыс лидерлерімен өткен видео конференциядан кейін Украинаға танкке қарсы қару, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын беретінін айтқан.