Еуроодақ елдері Украинаға 90 млрд еуро бөлуге келісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Біз келісімге келдік. Украинаға 2026–27 жылдарға арналған 90 млрд еуро көлемінде қолдау көрсету туралы шешім қабылданды», – деп жазды Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта X әлеуметтік желісінде.
Ол ЕО-ның «өз міндеттемелерін өз мойнына алып, оны орындағанын» атап өтті.
Германия канцлері Фридрих Мерц Киевке берілетін несие пайызсыз болатынын мәлімдеді.
«Ресей Украинаға өтемақы төлегенге дейін біз ресейлік активтерді бұғатталған күйде қалдырамыз», – деді Мерц.
Еске салайық, бұған дейін Euractiv танысқан құжатқа сәйкес, Еуроодақ басшылары Украинаға бұғатталған ресейлік активтер есебінен 90 млрд еуро көлемінде несие беру мәселесінде келісімді талқылап жатқаны хабарланған болатын.
Бірнеше сағатқа созылған келіссөздерден кейін «ЕО көшбасшылары репарациялық несиелер жөніндегі ұсынысты талқылау үшін қосымша уақыт қажет деген қорытындыға келді».
