Энергетика министрлігіне қатысты тергеу аяқталды

Көркем Алдабергенова 22 мам. 2025 14:24

Энергетика министрлігіне қатысты тергеу аяқталды – бәсекелестікке тосқауыл қойғаны анықталды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Әлжан хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Берілген нұсқамаға сәйкес, Энергетика министрлігі бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізуі тиіс. Атап айтқанда, мұнай жеткізу кестесін жасау ережелері, сондай-ақ магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау кестесін жасау ережелері қайта қаралуы қажет. Сонымен қатар, мұнайды автоматты түрде бөлуге арналған цифрлық платформа енгізілуі тиіс, – деді Ерлан Әлжан.

Нұсқама орындалды: Oil Transportation Management жүйесі әзірленіп, сынақ режимінде іске қосылды. Бұл жүйе министрліктің функцияларын автоматтандырып, мұнай жеткізу кестесін жасауда адам факторын барынша азайтуды қамтамасыз етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар