Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жаңа талап енгізілмек. Енді олардың тек табысы мен мүлкі ғана емес, туыстық байланыстары, жеке мүдделері және қосымша қызметтері де бақылауға алынуы мүмкін., деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаңа өзгерістер аясында жеке мүдделер декларациясы енгізіледі. Қазіргі кезеңде бұл талап мемлекеттік қызметкерлерге ғана қатысты болмақ. Жаңа механизм мемлекеттік органдардағы таныс-тамырлық пен туыстық байланыстар арқылы жұмысқа орналасу тәжірибесін азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар кейбір жағдайларда бір мемлекеттік органда басшы мен оның белгілі бір санаттағы туыстарының бірге жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Осылайша, бақылау жүйесі енді тек қаржылық ашықтықпен шектелмей, мемлекеттік қызметкерлердің ықтимал мүдделер қақтығысы мен бейресми байланыстарын да қамтуы мүмкін.