Енді Солтүстікке көшкендер мемлекет ұсынған қаржыға өздері ұнатқан баспананы сатып алады

Dalanews 03 мау. 2023 09:18 881

Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы. Сол себепті алдағы уақытта солтүстік пен шығыс өңірлерге 8600 адам көшірілмек.

Оның 2800-і Қызылжар өңірінде қоныстандырылады деп күтілуде.  Жыл басынан бері теріскейге 260 отбасы табан тіреген.

Биылдан бастап, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу мақсатында 4 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады.


Яғни, бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады.

Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүтік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар