Әлеуметтік желіде Бағдагүл есімді емші тележүргізуші Динара Сәтжанға қатысты ашық пікір білдіріп, бейнежазба жариялады. Видеода ол тележүргізушінің өзіне қатысты айтқан сөздеріне наразы екенін айтып, бұл жағдайды соңына дейін жеткізетінін мәлімдеген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кадрдан емшінің эмоцияға беріліп, ашулы күйде сөйлегені байқалады. Ол әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде өз ар-намысын қорғауға дайын екенін айтып, қарсы тарапқа сын айтты.
"Мен саған көрсетемін. Айтып тұрған сөзін қара, менің кім екенімді білмей жүр екенсің. Өздеріңнің тілдеріңде деловая колбаскасың ғой сен. Мені ауруға теңейтін сен кімсің? Осы сөзіме жауап беремін, соңына дейін барамын. Ақ пен қараның айқасын көрсетейін саған. Көп тілімді қышытпа. Қазақ қыздарының намысын қорғауды керек болса, өз қолыма алатын боламын. Саған ешкімді жем қылмаймын. Сендердің сөздеріңді сөйлеп жатқан өздерің сияқты жеңіл жүрісті әйелдер. Намысы жоқ! Көрсетейін мен сендерге. Мен тиіссем, Қазақстанды бұзатын адамдарға тиісемін. Сендер сияқты тойынған қатын емеспін. Намысым өз орнында. Айтатынымды айттым. Мені ауруға теңегенің үшін жауап бересің, Динара Сәтжан! Мен енді сені аямаймын. Екі дүниенің бар екенін көрсетемін. Шайтандар, жын-ойнақтар жүрген. Жатқан жыланның құйрығын баспа", - деді ол.
Аталған бейнежазба қоғамда кеңінен тарап, қызу талқыға түсті.
Өз кезегінде Динара Сәтжан бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, мәселені сот арқылы шешетінін атап өтті. Тележүргізуші қысқа ғана «Сотта кездесеміз!» деген пікір қалдырған.