Енді несие төлемін 30 күн кешіктіргендерге жаңа кредит берілмейді

Көркем Алдабергенова 15 қыр. 2025 18:00

Енді Қазақстанда жаңа несие алу қиындайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді банктерде төлемді 90 күн емес, 30 күн кешіктірсеңіз, жаңа несие рәсімдей алмайсыз. Бұл туралы Қаржы нарығын дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Микрокредит ұйымдары үшін талап бұдан да қатаң болмақ: егер қарызды бір күн кешіктірсеңіз, жаңа қарыз алу мүмкіндігіңіз болмайды.

Әбілқасымованың айтуынша, бұл шара азаматтардың қаржылық тәртібін бақылауды күшейтуге бағытталған. Ереже қарыз алушыларды уақытында төлем жасауға ынталандырады деп күтілуде. Осылайша, адамдар несиелерін дұрыс басқарып, қарыздарын дер кезінде өтейді деген сенім бар.

Егер қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсарып, тұрақты табысқа қол жеткізсе, шектеулер алынып тасталады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар