Мемлекеттік комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады.
- 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:
- 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтап);
- жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен) деп комиссия шешім шығарды.