Бәйдібек би ауылындағы Байболов көшесіндегі заңсыз салынған нысан бұзылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Меншік иесі нысанды салу бойынша рұқсат қағазсыз тұрғызған болатын.
Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. Бұрын меншік иесіне өз еркімен бұзу туралы хабарлама берілген. Меншік иесінің тарапынан сот шешіміне сәйкес әрекет болмағандықтан, сот шешімін орындау мақсатында меншік иесінің мүлкін бұзуды сот орындаушылар жүргізді.
Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз құрылыстарға бақылау күшейтілді, атап айтқанда 4 коммерциялық нысанның сүрілуіне әкеліп соқтырған.
Бүгінгі таңда заңсыз салынған 7 ғимараттың барлық қажетті құжаттары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданғанын ерекше атап өтеміз.
Сондай-ақ, Бәйдібек би ауылында тағы екі нысанды бұзу жоспарлануда.