Елордалық жеті жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

Ақтоты Жапатова 18 ақп. 2025 13:16 602

Астана қаласы №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Бақдаулет «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Бақдаулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты.

Сондай-ақ 4-сынып оқушысы Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар