"Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері "Шапағат" сауда үйінің жанына жиналып, қала көшелерін тазалап жатқан жұмысшыларға, қоғамдық көлікті күтіп тұрған жолаушыларға және көшеде сауда жасап жүрген жолаушыларға шай берді.
– Мен еріктілерімізге алғыс айтқым келеді. Көшеде қатты аяз бар, олардың істері тәнімізді ғана емес, жанымызды да жылытады. Жастардың бұл ісі мені қатты қуантты, рахмет! – деді елорда тұрғыны Сайран Турбекова.
Айта кету керек, "жылыту" акциясы қыстың соңына дейін жалғасады.
– Біздің қаламыздағы ең суық күндерде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі акциямыз басталды. Акция барысында еріктілер қаламыздың барлық тұрғындарына негізінен халқы ең көп жерлерде және көшеде жұмыс істейтіндерге аялдамаларда тегін ыстық шай таратады, – деді "Астана Жастары" ЖРО басшысы Шыңғыс Тілеулин.