Елордалық блогерлер оқырмандарына Қазақстанда шығарылған Attar дөңгелектерін сыйға тартты

Cағыныш Сардарова 01 там. 2024 19:32 2231

Астаналық блогерлер Ұлан Әбішев пен Алмас Алтай Қазақстанда шығарылған Attar брендінің дөңгелек жиынтығына ұтыс ойынын ұйымдастырды. Акция блогерлердің аудиториясы арасында үлкен қызығушылық туғызды.

Дөңгелек өндірісі Сарандағы 106 мың шаршы метр аумақта жүргізіледі. Өнімдер Қазақстан аумағына да, экспортқа да шығарылады.

Зауытта шикізат, резеңке қоспалар дайындаудан, дөңгелектерді жинаудан бастап вулканизация мен сапаны бақылауға дейінгі барлық технологиялық процесс бірыңғай схема бойынша жүзеге асырылды. Өндірістегі бірегей технологиялар мен жабдықтар автоматтандырудың жоғары деңгейімен, энергия тұрғысынан тиімділігімен және қоршаған ортаға өте төмен деңгейде әсер ететінімен ерекшеленеді. ҚХР, Германия, Италия, Португалия және Жапония секілді әлемдік өндірушілерден 800-ге жуық жабдық орнатылған. Бұл - Орталық Азиядағы алдыңғы қатардағы өндірістердің бірі.

"Үнемі оқырмандарыммен ең жақсы өнімдер мен қызметтерді бөлісуге тырысамын, бұл ұтыс ойыны да сол қатарда. Attar дөңгелектері жоғары сапасымен, сенімділігімен танымал. Оқырмандарым да енді осы дөңгелектерді бағалап, олардың жоғары сапасына көз жеткізе алатынына қуаныштымын", - деді блогер Ұлан Әбішев ұтыс ойыны туралы.

Зауыт өнімдері Attar брендімен шығарылады. Бұған дейін шығарылған дөңгелектер Чехия мен Германияда сынақтан өтіп, барлық қажет сертификатқа ие болған.

"Көлік дөңгелектері аксессуар ғана емес, жол қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі. Attar дөңгелектері көптеген сынақтан өтіп, барлық ауа райында сенімді екенін дәлелдеді. Бұл ұтыс ойыны көпшілікке Attar өнімдерімен танысуға және керемет дөңгелектерді тегін алуға мүмкіндік берді. Оқырмандарымды осындай бағалы сыйлықпен қуанта алғаныма қуаныштымын", - деді Алмас Алтай.

Ұтыс ойынының жеңімпаздары да эмоциясын бөлісті.

"Ұзақ уақыттан бері Ұланның оқырманымын, оның кәсібилігі мен контентінің сапасына әрқашан тәнтімін. Ұтыс ойыны туралы білгенде, бірден қатысуды ұйғардым, бірақ жеңемін деп ойламадым. Бұл - нағыз тосынсый! Attar дөңгелектері көлігіме керемет үйлесе кететін болды", - деді Дильназ.

Көпшіліктің сұранысына ие 185/65 R15, Attar 195/65 R15 және 205/55 R16 өлшемдеріндегі дөңгелектерді мына мекен жайлар бойынша дилерлік орталықтардан алуға болады: Астана: Тұран даңғылы, 53а және Алматы: Сүйінбай көшесі, 159А.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар