Елордадан қыс мезгілінің басынан бері 3,6 млн текше метр қар шығарылды

Dalanews.kz 04 ақп. 2024 15:43 1874


Астанада 4 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 1 600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қаланың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Қала көшелерін, алаңдары мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 4 ақпан күні таңертең 2,6 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,6 мыңға жуық арнайы техника шықты.


Өткен түнде қаладан шамамен 53 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3,6 мың ауыр жүк көлеміне тең.


Қыс мезгілінің басынан бері бүгінге дейін полигондарға 266 мың рейс 3,6 млн текше метр қар шығарды.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар