Елордада қоғамдық кеңістікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Dalanews 04 мам. 2022 14:29 680

Елордада барлық қоғамдық кеңістіктерге, саябақтарға және басқа да адамдар баратын орындарға тексеру жүргізіледі. Қолайлы ауа-райының басталуымен жұмысшылар тротуарларды, жолдарды, плиткаларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Вандализм салдарынан пайда болған ақаулар (сынған шамдар, орындықтар, плиткалар, жарықтандыру тіректері, кіші архитектуралық формалар) жойылады, ақаулы актілер мен сметалар жасалады.

Абаттандыру элементтерінің мерзімінен бұрын бұзылуына әкеп соққан сапасыз орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының фактілері бойынша мердігерлер зақымдануларды жояды. Айта кету керек, қалада құрылысқа жылдан жылға сапалы материалдар қолдану, қоғамдық кеңістіктер мен абаттандыру аймақтарын жобалау тәсілдері жетілдіріліп келеді.

– Көктемнің басынан бастап жұмысшылар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Егер жұмыс сапасыз орындалса, мердігерлер өз кемшіліктерін міндетті түрде өз есебінен жояды. Егер мұндай фактілер бір мердігермен қайталанса, онда ол кейіннен «қара тізімге» енгізіліп, өзге конкурстарға қатыса алмайды.


Өкінішке орай, кейбір адамдар ортақ мүлікті өздері бұзатын вандализм фактілері де бар. Біз бәрімізге ортақ мүлікке мұқият болуымыз керек. Өйткені барлық қоғамдық кеңістіктер, ең алдымен, қала тұрғындарының таза ауада уақыт өткізе алуы үшін жасалады. Сондай - ақ, қоғамдық кеңістіктерде камераларды қайта орнатуды жалғастырамыз, бұл адамдарды тәртіпке келтіруге де, бұзушылықтарды тіркеуге де мүмкіндік береді, – деді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Елорданың барлық аудандары жолдарды, тротуарларды, плиткаларды, бордюрлерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Соңғы жылдары 300 жол жөнделгенін айта кетуіміз керек.

Тағ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар