Бұл үшін елорда ауруханаларыналар қосымша 500 арнайы жабдықдалған төсек орынмен, 350 оттегі концентрат, 150 флуометр және 2 компьютерлік томограф алынған.
Тағы да медициналық жабдықтар сатып алу жоспарлануда. Нәтижесінде стационарларға түскен салмақ едәуір азайды.
Үкімет отырысында Елордада кадрлар мәселесін де әкім сөзге тие кетті. Елдегі ауыр жағдайды ескере отырып қаладағы колледждерден 275 жас маман емханаларда жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар медициналық университеттен 300 студент жұмылдырылғанын жеткізді. Олардың 71 жұмыстарын бастап кетіпті.
Жалпы, алғанда оқу орындарынан 500-ден астам жас медициналық маман науқастарға өз көмегін көрсетуде.
Шетелден алып келінген 110 тоннадан астам медициналық препараттардың 4,5 миллион қаптамасы Нұр-Сұлтан қаласының дәріханаларына теңдей таратылып берілгенін де әкім тілге тиек етті.