Бүгінге дейін олар мұқтаж отбасыларға қажетті тауарлармен бірге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты.
Қазірдің өзінде 500 мың маска таратылды. Nur Otan партиясының қолдауымен #бізбіргеміз акциясының екінші толқыны аясында қалаға 2 миллион маска әкелініп, оның үштен бірі таратылды.
– Еріктілер қызметіне ақы төленеді деген қате пікір бар. Бұл «волонтер», яғни, ерікті ұғымын түбегейлі теріске шығарады. Ерікті – қоғамға пайдалы қызметпен ақысыз айналысатын адам, – деп атап өтті қалалық жастар саясаты басқармасында.
Хабарланғандай, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж жандарға: Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін қаражат бөлінді.