ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ТАҒЫ ТӨРТ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Dalanews 06 шіл. 2021 04:44 787

Мұндай қуанышты оқиға биыл екінші рет өткізіліп отыр.
Көп жылдар бойы кезекте тұрған аудан азаматтары босаған тұрғын үйден көптен күткен кілттерді кезек тәртібінде аудан әкімі А.Абдиновтың қолынан алып, мәз-мейрам болды.
Көп балалы отбасылар Зоя Бекмұхамбетова, Гүлжанат Аянбаева, Рифтина Сәбитова және ерекше күтімді қажет ететін Амангелді Тындыбаев үшін бұл мерекенің мәңгі есте қалары сөзсіз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген азаматтардың асыға күткен арман-тілектері бүгінде орындалды. Өз кезегінде аудан әкімі А.Абдинов баспаналы болған азаматтарды қоныс тойымен құттықтап, отбасыларына береке-бірлік пен татулық тіледі.

 



 

[caption id="attachment_64398" align="alignleft" width="141"] Досай Бекмұхамбетов[/caption]

45 жастағы Еңбекші ауылының тұрғыны, 6 баланың әкесі Досай Анарбекұлы  шексіз қуанышты екенін жасырмады:

– Міне баспаналы болдық, бұл біз үшін үлкен мәртебе, зор қуаныш. Мемлекеттің тәуелсіздік ал­ған жылдардан бергі ұстанымдарының басым бағыттарының бірі де сол – әрбір қазақстандық от­басының өз баспанасы болуына қол жеткізу. Көп балалы, мүмкіншілігі шектеулі жандарды, қарияларымызды жан-жақты қолдау көрсетіп, жағдайларын жасау еді.  Мемлекет осы мақ­сат­қа қол жеткізу үшін қолдан келген барлық мүмкіндіктерді жасауда.
Осы орайда аудан әкімі А.Абдинов мырзаға алғысымды білдіремін. Және барлық қазақстандықтарды бүгінгі мереке күнімен шын жүректен құттықтаймын, - деп жүрекжарды қуанышын жеткізді Досай Бекмұхамбетов.

 




Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы


 

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар