Елорда жастары: «Жаңа Қазақстан» бірінші кезекте жастарға керек»

Dalanews 16 мам. 2022 17:15 821

Елордада қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар жалпыреспубликалық референдумды өткізудің маңыздылығы мен оған дайындық барысын талқылады.

Елорда әкімінің орынбасары Берік Жәкеновтің төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

– Бүгін Жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесу бағдарламасында жаңа Қазақстанды құрудағы Республикалық референдумның тәртібі мен міндеттері болды. Жастарға алдағы референдумның маңызы туралы ақпарат жеткізу маңызды. Өйткені, Президентіміз айтып отырған ашық, естуші жаңа Қазақстанды құру жұмысы біздің қолымызда. Бұл жұмыста жастарға ерекше рөл беріледі. Біз осыны біліп, одан да жақсы әрі белсенді жұмыс істеуіміз керек. Өзім референдумға қатысамын. Өзгелерді де үлес қосуға шақырамын, – деп атап өтті «BIZ BIRGEMIZ» ҚБ басшысы Перизат Қайрат.

Кездесу бағдарламасы аясында жалпы республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, елордада мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар, елордалық жастарды жұмыспен қамту мәселелері секілді ел үшін аса маңызды тақырыптар қаралды.



– Елімізде өтетін референдум бойынша түсіндірме кездесу, өзіндік ой талқысы өтті. Бізде сайлаушылардың және дауыс беретін адамдардың негізгі аудиториясы жастар болғандықтан, оған ерекше назар аударамыз. Өзім жастар өкілі ретінде осы референдумның маңыздылығын түсінемін. Оның үстіне жаңа Қазақстанда осының бәрін іске асыру үшін жастар қажет.


Жақсы ашық талқылау, пікірталас өтті. Қызықты сұрақтар болды, өзім үшін қызықты ақпарат алдым. Өзім де жастарға жақсы ақпарат бере алдым деп үміттенемін. Біздің жастар белсенді қатысады деп ойлаймын, өйткені ол қазірдің өзінде саяси пісіп-жетілді. Біздің жастар референдум кезінде белсенділік танытады деп сенемін. Біздің жастар белсенді қатысады деп ойлаймын, өйткені ол қазірдің өзінде саяси пісіп жетілді. Референдум кезінде жастарымыз белсенділік көрсетеді деп үміттенемін, – деп атап өтті Qazaqstan team республикалық жастар бірлестігінің жетекшісі Олжас Сүлейменов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар