«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын өтеусіз негізде беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін «Qoldau» бизнеске арналған цифрлық платформаға тіркелу қажет.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша өтінімді электрондық күйде ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 28 маусымнан 2021 жылғы 12 шілдеге дейін.