Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.
Айта кетейік, жуырда ол Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды. Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Елнұр Бейсенбаев бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
