Freedom Inside '26

Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды
Мәжілістің баспасөз қызметі

Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.