Испания азаматы Сирияда тұратын бауырын билік қинап өлтірді деп, Мадридтегі Ұлттық сотқа арызданған. Келіншектің сөзінше, бауыры жүк көлігімен жеміс-жидек тасумен айналысқан және оппозицияға еш қатысы болмаған. Алайда, билік әскерилері оны сонда да азаптап өлтірген.
Cириядағы қақтығыс әуелде президент Башар Асад режиміне қарсы көтерілістен басталған. Кейін мақсат-мүдделері әртүрлі қарулы топтар көбейіп, бұл соғысқа АҚШ пен Ресей араласқалы жағдай тіпті ушығып кетті. 6 жылдан бері ұрыс қимылдары тоқтамай келе жатқан азаматтық соғыста 500 мыңнан астам адам қаза болды. Оның көбі бейбіт тұрғындар.
Расұл ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
- Бәлкім Ресей көмектесуге тырысатын шығар, бірден-бір аймақтағы одақтасы. Бәлкім Янукович, Ақаев сияқтыларға пана берген. Бұған да пана беретін шығар. Негізі өз елінен қашқан осындай кейбір жемқорлық, кейбір қантөгіске барған президенттерге пана беріп отырған бірден бір мемлекет Ресей.