14 қыркүйекте Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 108 доллардан асты. Ал қазақстандық CPC Blend сорты бұдан да жоғары бағаланып, барреліне 112,11 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
НеХабар мәліметінше, мұнай бағасының күрт өсуіне Сауд Арабиясындағы East–West мұнай құбырына жасалған шабуылдар, сондай-ақ Ормуз бұғазы мен Баб-эль-Мандеб арқылы өтетін кемелерге төнген қауіп себеп болып отыр. Аталған бағыттар әлемдік мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызға ие.
Нарықтағы жеткізілім тапшылығы әзірге мұнай қорларының есебінен өтелуде. Алайда ақпан айынан бері әлемдік қор көлемі 507 млн баррельге азайған.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамынша, жыл соңына қарай әлемдік мұнай ұсынысы тәулігіне 5,7 млн баррельге төмендеуі мүмкін.
Мұнай нарығындағы жағдай дизель отынының бағасына да әсер етті. Мәселен, АҚШ-та дизельдің бір галлоны алғаш рет 6 доллардан асып, литріне шаққанда шамамен 710 теңгеге жетті.