Елімізде "Әйелді аяла" ұлттық акциясы басталды

Dalanews 07 нау. 2018 10:39 758

Алматыда БАҚ, өнер және медиа өкілдерінің қатысуымен «Әйелді аяла» ұлттық акциясы басталды. 

Алматы қаласы бойынша наурыздың 7-сінен бастап - Әйелдердің шығармашылық бастамасы лигасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Сорос Қазақстан қорының қолдауымен Халықаралық әйелдер күніне орай заманауи Қазақстандағы әйел рөліне арналған ақпараттық кампаниясын басталғанын мәлімдейді. Ақпараттық кампания еліміздің медиа өкілдері, беделді журналистері, блогерлері, пікір көшбасшылары, құқық қорғаушылары әйел құқығы, заманауи Қазақстан қоғамы жайлы пікірін білдіреді.

#Әйелді аяла ақпараттық кампаниясы мемлекеттік тілде өткізілейін деп отырған, сонымен қатар өнер жұлдыздары мен еліміздің қоғам және мәдениет қайраткерлерін тең құқықтық пен әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесі аясында біріктіретін Қазақстандағы алғашқы ақпараттық науқан.
«Әйелдер мен қыздардың құқықтары адам құқықтарының ажырамас, құраушы бөлігі болып табылады. Біздің елімізде гендерлік теңсіздіктер экономикалық және саяси салаларда кең етек жайған. Әйелге қатысты зорлық-зомбылық туралы ресми деректер, теңдік пен құқық мәселесі дәстүр мен əйелдің стереотипті қоғамдағы рөлі мәселесінің көлеңкесінде қалып қояды» - дейді «Сорос-Қазақстан» қорының Адам құқықтары жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева.

«Әйелдердің құқықтарын іске асыруға байланысты заманауи қауіп-қатерлер мен проблемалар туралы мәселелер бейресми, ашық пікірталас алаңдарында, форумдарда, мемлекетпен диалог барысында талқыланып, мүмкіндігінше қоғамның көптеген өкілдерінің назарын аударуы тиіс. Біздің ақпараттық кампания әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы ашық және көпқырлы диалогтың бастауы болады деп үміттемін» - дейді Әйелдер шығармашылық бастамасы лигасының президенті Асия Хайруллина.

[caption id="attachment_34582" align="aligncenter" width="366"] Асия Хайруллина[/caption]

Бір жылға жалғасатын ақпараттық кампания шеңберінде әйелдер мен қыздар үшін тең мүмкіндіктер, зорлық-зомбылықты алдын-алу, әлеуметтік және саяси белсенді әйелдердің жетістіктерін насихаттау жайлы бейнематериалдар дайындалатын болады. Сондай-ақ әртүрлі сараптамалық кездесулер мен пікірталастар, тақырыптық фильмдер көрсетілімі, заманауи өнер көрмелері өткізіледі деп жоспарлануда.


Әсел Сағатова


Ұйымдастырушылар тележүргізуші Дана Нұржігіт пен Ләйлә Сұлтанқызына, әнші Ақмаржан Көшірбаеваға, Бахыт Шадаева мен Жеңіс Ысқақоваға, журналист Айна Досмұхамедқызына, Ақжелен Исабаеваға, Аруна Амзееваға актер Шарип Серікке, Әсел Сағатоваға, Ербол Семқұловқа, блогер Нағима Ахметоваға осы әлеуметтік жобаны қолдағаны үшін алғысын білдіреді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар