Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өтуде

Dalanews 15 там. 2024 10:52 1608

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Алматы қаласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр.

Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын сарапшыларға қоя алады.

 

Жария талқылау өткізілетін орны: Алматы қаласы, «АлматыБасЖоспар» ҒЗИ, Абай даң., 90.

Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 16 тамыз,

сағат: 09.00.

Барлығыңызды қатысуға шақырамыз!

АЭС салу туралы толығырақ төмендегі сілтемелер бойынша таныса аласыз:

Қазақстанда АЭС салу туралы анықтамалық ақпарат.

Бейне материалдар:

Атом электр станциялары туралы

https://www.youtube.com/watch?v=1yROTsOPiDA&ab_channel=tokaiuly  (қазақша)

https://www.youtube.com/watch?v=iQUD2i8iLYQ&ab_channel=tokaiuly   (орысша)

ҚР Ядролық физика институтының су-су ядролық реакторлары туралы бейнеролигі

https://www.youtube.com/watch?v=oRo4P3lJMxk&ab_channel=tokaiuly  (қазақша)

https://www.youtube.com/watch?v=-3yLXWhU6MM&ab_channel=tokaiuly  (орысша)

 

Қысымды су реакторларының артықшылықтары

https://www.youtube.com/watch?v=UySZaeQDZr0&ab_channel=tokaiuly      (орысша)

Ядролық отынның артықшылықтары

https://www.youtube.com/watch?v=JyMoNJ5aXyY&ab_channel=tokaiuly  (орысша)

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар