Еліміз бойынша электр қуатын өндіру мен жылу бері ісі штаттық режимде жұмыс істеуде

Dalanews 11 қаң. 2022 02:57 639

«Самұрық Энерго» электр энергетикалық холдингіне қарасты Алматы және Екібастұз қалаларындағы энергетикалық кешендері, барлық энергетикалық нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр және одан әрі жұмыс істемей бермек, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ағымдағы жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында «АлЭС» АҚ электр станциялары (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) жалпы жүктемені шамамен 700 МВт деңгейінде қамтамасыз етіп отыр.

Отын қоры жылыту маусымын табысты өткізуге және тұтынушыларды қажетті көлемде электр энергиясымен, жылумен, ыстық жэне суық сумен қамтамасыз етуүшін жеткілікті.

«Алатау Жарық Комапниясы» АҚ электржелілік шаруашылығы штаттық режимде жұмыс істейді және қызмет көрсетуде.

Екібастұз ГРЭС-1-де осы қазіргі уақытта 2320 МВт жүктемесі бар 5 энергия блогы жұмыс істеуде. Екібастұз ГРЭС-2 920 МВт   жүктемесімен екі блокты режимде жұмыс істеуде. Барлық станцияларда лөмір мен мазуттың қажеті резервтері жеткілікті.

Мойнақ СЭС және Шардара СЭС нысандарында электр энергиясын өндіру жоспарлы жүзеге асырылуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар