Қазақстанда брусчатка, жиектастар мен гранит әкелуге тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа Индустрия және құрылыс министрі қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шара отандық өндірушілерді қолдап, ішкі нарықты қорғауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін қоғам қайраткері Санжар Боқаев Алматыдағы брусчатканың әлі де жақсы күйде тұрғанына қарамастан, оны шешіп алып, жекелерге сатып жатқанын көрсеткен бейнежазба жариялаған еді. Ал жаңа плитка төсеуге бюджеттен жүздеген миллион теңге бөлінген. Осыдан кейін елдің әр өңіріндегі тұрғындар плитка мен жиектастардың жиі ауыстырылатынына шағымдана бастады.