Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Көркем Алдабергенова 13 нау. 2026 12:15

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Джессика Пегуламен (АҚШ) кездесті.

Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Рыбакина 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда отандасымыз Элина Свитолинамен (Украина) кездеседі.

Айта кетейік, рейтинг ресми түрде жаңартылғаннан кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove