Өскемен қаласында қақаған аязда бірден бірнеше аудан сусыз қалды. Беспалов көшесі маңында су құбыры жарылған, деп хабарлайды Dalanews.kz
Әсіресе жеке сектор тұрғындары алаңдаулы: аяз кезінде құбырлардың қатып қалу қаупі жоғары.
Оқиға орнында апаттық бригада жұмыс істеп жатыр, алайда құбырдың қашан жөнделетіні әзірге белгісіз. «Өскемен водоканал» мекемесінің хабарлауынша, тұрғындарға ауызсу жеткізу ұйымдастырылған.
Бұған дейін, бір күн бұрын Семей қаласында да ірі апат тіркелген. Ғаббасов атындағы қазандықтың жылу желілеріндегі магистральдық құбыр жарылып, қала орталығы уақытша жылусыз қалған. Соның салдарынан мыңдаған тұрғынның пәтерлеріндегі жылу батареялары суып кеткен.
