Елді көр де, ханды көр

Dalanews 31 қаң. 2015 02:54 977

Ықылас ОЖАЙҰЛЫ, ақын:

Ару Ақжүніс айтатын: "Қара жерге қар жауар, қанды көр де, етім көр..." теңеуін қазіргі халімізге қарай бейімдесек:

"Қазақ қалай десеңіз,
Ханды көр де, елді көр,
Елді көр де, ханды көр",-деген жаңа байлам жасаған болар едік.
ХАН - халықтың жиынтық бейнесі. Ханның деңгейі ХАЛЫҚҚА, халықтың деңгейі ПАТША АҒЗАМҒА өз салқынын тигізбей қоймайды. Хош делік...
Төрткүл дүниеге мәлім "кентавр" атымыздың келе-келе "баранға" айналғаны қалай? Бұл "сырт көз сыншысының" бізге берген әділ бағасы. Дәлірек айтсақ сапамыздың суреті-тұғын.
Тұлпардан тоқтыға дейін құлдырауымызға сөз жоқ, тарихымыздың өн бойын шарпыған қанкөбік кескілестер әсер етті.
Солай десек те қазақтың бастықпаған асау ханы Қасым мен Хан Кенені дүниеге әкелді.
ТҰЛҒАНЫ ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ДЕҢГЕЙІ ТОЛҒАТАДЫ.
Құнары қожырап, түйіршігі сарқылған сұйық қаннан суайттар ғана жаратылып, ел атаулыны жаппай есерлік эпидемиясына ұшыратады. Алпамыстардың жоқтығы Ұлтан құлдарды ұлық ететіні секілді.
Ендеше ХАН - қандағы түйіршігіміздің (ақпараттың) мазмұны. Оған өкпелеу, ӨЗІҢЕ өкпелеуің ғана. Басқалай түсіндіріп болмайды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар