Freedom Inside '26

Елдегі ең танымал және сирек есімдер

Елдегі ең танымал және сирек есімдер
Көрнекі сурет

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы қазақстандықтар нәрестелерге жиі қойған есімдерді жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 қаңтар мен 10 желтоқсан аралығындағы мәлімет бойынша, ұл балалар арасында ең танымал есім - Мұхаммед, ал қыздар арасында Айлин есімі көш бастап тұр. Бұл есімдер жыл бойы елдің перзентханаларында ең жиі тіркелген.

Қыз балаларға жиі қойылған есімдер

Ведомство деректеріне сәйкес, қыздардың ТОП-10 есімі мынадай:
Айлин – 5305;
Асылым – 4302;
Медина – 3942;
Айша – 3310;
Томирис – 2957;
Мариям – 2608;
Сафия – 2575;
Аяла – 2456;
Адия – 2371;
Айым – 2266.

Бұл есімдер жыл сайын сұранысқа ие болып келеді. Олар ұлттық дәстүрлер мен қазіргі заманғы талғамның үйлесімін көрсетеді.

Ұл балаларға жиі қойылған есімдер

2025 жылы ұлдар арасында Мұхаммед есімі - 2537 рет қойылып, бірінші орынға шыққан. ТОП-10 қатарына кірген басқа есімдер:
Әлихан – 2330;
Айсұлтан – 2305;
Омар – 2225;
Алдияр – 2129;
Алан – 2093;
Мухаммад – 2042;
Амир – 1926;
Хамза – 1682;
Али – 1562.