Денсаулық сақтау министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған суицидтің алдын алу жөніндегі жол картасын әзірледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Құжат қазір мемлекеттік органдармен келісу сатысында.
Жоспарда халық арасында, соның ішінде әскери қызметшілер арасында суицидтік мінез-құлықты төмендетуге бағытталған жүйелі әрі ғылыми негізделген шаралар қарастырылған. Әскер қатарында қазірдің өзінде заманауи психодиагностикалық әдістер – PHQ-9, GAD-7 тесттері және қазақстандық жағдайға бейімделген субъективті әл-ауқат шкаласы қолданылып жатыр.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі тамыз айында шамамен 500 шақырылушының суицидке бейімділігі анықталғандықтан, әскери қызметтен босатылғанын хабарлаған еді.
